Алматыда шетелдіктерді ойыншық тапаншамен қорқытып, ірі көлемде ақша алып кеткендер ұсталды

489

0

Фото: Polisia.kz

Жаңа жыл қарсаңында Сингапур азаматтарына қарақшылық шабуыл жасалды. Алматы полициясы бұл қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды Kazinform.

Қалалық Полиция департаменті мәлім еткендей, белгісіз бес адам шетелдіктердің жалдамалы үйіне басып кіріп, оларды қарумен қорқытып, ақша беруді талап еткен.

Осылайша, күдіктілер 3 миллион теңге және 13 мың долларды қолды еткен. Қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

«Шабуыл жасағандар анықталып, ұсталды. Олар – 1999, 2001, 2003 жылы туған Алматы облысының бес тұрғыны. Қылмыстың негізгі ұйымдастырушысы Т.есімді азамат бұрын қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған. Айтпақшы, ол зардап шеккендермен жұмыс істеген, олардың табысы туралы білген. Қылмыстық оқиғаның хронологиясын және барлық дайындық процесін жылдам қалпына келтіруге мүмкіндік туды. Бұл ретте бейнебақылау жүйелері маңызды рөл атқарды. Айғақты заттар, оның ішінде екі ойыншық тапанша тәркіленді», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Күдіктілер ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Шетел азаматтары полицияның кәсіби жұмысын ерекше атап өтті.

«Бізді қатты қорқытты. Полиция қызметкерлері жарады. Қылмыскерлерді тез қолға түсірді. Оларға өз атымнан және еліміздің атынан шексіз алғысымды білдіргім келеді», – деді жәбірленушілердің бірі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<