Бүгін Алматыда 5 қабатты тұрғын үй өртеніп, 300 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Baq.kz тілшісінің хабарлауынша, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ дейді.
«Алматының Көкжиек шағын ауданында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің 1-2 қабатындағы балкондар өртенді. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне бүгін сағат 16:03-те осындай хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 16:11-де келіп жетті. Олар келгенде 1-5 қабатқа дейін үйдің қасбеті өртке оранған еді. Алдын ала болжам бойынша өрт аумағы 1 000 шаршы метрді құрады. Үйдің шатырын толығымен өрт шарпыған. Қазір оқиға орнына 70-ке жуық өрт сөндіруші мен 20-дан астам техника жұмылдырылған», – деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
ҚР ІІМ ТЖК мәліметінше, тұрғын үйден барлығы 300 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<