Алматыда жасөспірімдер көлік тізгіндеп, қауіпті маневр жасағандарын видеоға түсіріп алған

389

0

Фот: видео кадры

Алматыда 16 жастағы жасөспірімдер Mercedes-Benz көлігімен қаланы аралап, қауіпті маневр жасап, оны видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі dorpat.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеолардың бірінде жүргізушінің қасында отырған 10-сынып оқушысы әдепсіз балағат сөздер айтып, адамды «басып өт» деп айғайлағаны естіледі.

«Біздің болжамымызша, оның анасы ұлының не істеп жүргенін біледі. Ата-аналар ұлдарын тәрбиелеудегі өз міндеттерін атқаруы үшін қаншама бейкүнә бала өлуі керек», – деп жазылған жазбада.

Полицейлер видеоға түсіп қалған 16 жастағы құқық бұзушыларды анықтаған. Олардың ата-аналары қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

«Көлік құралын басқару дерегі бойынша көлік құралын тізгіндеу құқығы жоқ адамдар, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері құқық бұзушыларға қатысты шаралар қабылдады: ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша әкімшілік іс жүргізу материалы жиналды. Сонымен қатар, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жасөспірімдердің ата-аналары жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады Алматы полиция департаменті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<