10 желтоқсанда Алматыда сағат 08:30 шамасында Амангелді көшесі, 1 мекенжайындағы жекеменшік мектептің кіреберісінде Opel көлігінен ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.
«Зорлық-зомбылықтың белгілері жоқ ер адамның денесінің табылуы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге жүрек жеткіліксіздігі себеп болған», – делінген хабарламада.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Түрксіб ауданындағы аулалардың бірінен 39 жастағы әйелдің мәйіті табылғаны туралы видео тараған еді. Белгісіз біреу пакетке келіншекті киімімен бүктеп орап, скотчпен байлап, ауланың жанындағы қуысқа тастаған. Бір апта бойы көп қабатты үйдің жанында жатқан сөмкенің ішінде адамның денесі барын ешкім байқамаған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<