Фото: ашық дереккөзден
Алматы облысында жоғалып кеткен отбасын іздеу жұмыстары күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сағат 17:00-де республикалық жедел-іздестіру жасағынан 2-топ жұмылдырды. Қар мен батпақта жүретін арнайы көлік те шығарылды», – делінген төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында 7 адамнан тұратын отбасын іздестіру жұмыстары басталған. Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылынан 80 шақырым жерде, таулы аймақтағы Бортоғай су қоймасында 7 адамнан тұратын отбасы (төрт ер адам, екі әйел адам және бала) жоғалып кетті. Олар 2 қаңтарда екі көлікпен Алматыдан Асы үстіртіне қарай шығып, үйлеріне оралмаған.
Жоғалған адамдарды іздеу жұмыстарын Төтенше жағдайлар департаменті, республикалық жедел-құтқару жасағы, жергілікті атқарушы органдар мен аудандық ішкі істер бөлімі жүргізіп жатыр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<