Алматыда Төлебаев пен Әйтеке би көшелерінің қиылысында жылу құбыры жарылды.
Әлеуметтік желіде Алматының ортылығында жарылған жылу құбыры мен одан төбеге атқылаған ыстық судың видеосы пайда болды.
Қала әкімдігінен атап өткендей, «Алматы жылу желілері» ЖШС апаттық бригадасы апатты дереу жоюға кірісті.
Қазыбек би – Панфилов – Әйтеке би – Қонаев көшелерінің бойындағы 1985 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан диаметрі 400 мм құбырдың зақымдануын жөндеу үшін ыстық су мен жылу беру уақытша тоқтатылды.
«Жөндеу жұмыстары бүгін түнгі сағат 23:00-ге дейін аяқталады. Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<