Алматылық келіншек 22 тонналық трамвайды сүйреп, рекорд орнатты

315

0

Алматылық келіншек 22 тонналық трамвайды сүйреп, рекорд орнатты Алматылық келіншек 50 жолаушысы бар трамвайды сүйреп, рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қалалық фестивальда Дарья Нестерова арқасына арқан жіп байлап, ішінде 50 адамы бар 22 тонналық темір құрамды бірнеше метрге сүйреп барады. Бұл рекордты шараның көптеген қонақтары тамашалап, оған қолдау білдірді.  
 «Міне, рекдорд! 22 тонналық трамвай және де ішінде 50 жолаушы болды! Ашық жаттығуға келіп едіп, фестиваль болып шықты! Жігіттер көрсетілімдік қойылымдар ұсынды, ал мен рекорд орнаттым! @leha_power-ді көптен бері 10 тонналық болсын МАN-ды сүйреп көруімді өтініп жүр едім. Жігіттер бүгін «күшіңді сынап көр» деді. Леха маған: «Даша, сенің қолыңнан келеді», – деп айтты. Қолымнан келді! Өзіме ризамын! Жаңа жеңістер мен рекордтарға дайынмын деп айтып едім! Міне, демалыстан кейінгі алғашқы рекордым!», – деп жазды Дарья Инстаграмдағы парақшасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<