Алматылық полицейлер жер сілкінісі туралы фейк таратқан тағы бір адамды тапты

653

0

Сурет: freepik

Полицейлер алматылықтарды шошытқан жалған хаттардың бірінің авторын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған хабарламада күшті жер сілкінісінен кейін одан да жойқын жер сілкінісі болатыны айтылған.

Полицейлердің мәліметінше, қоғамда және әлеуметтік желілерде негізсіз үрей тудырған жалған хабарламалардың авторларын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Жалған хабарлама таратқандардың бірі анықталды. Ол 1995 жылы туған әйел екен. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<