«Альтернативник» профилактикалық іс-шарасы

211

0

ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 18 тамыздағы №517 бұйрығымен бекітілген Қағиданың 3-тармағы 3-тармақшасына және Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 10.09.2018 жылғы №195 н/қ бұйрығымен Қызылорда облысы бойынша ІІД-нің 10.09.2018 жылғы №338 бұйрығына сәйкес, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті қалалық аудандық пробация қызметінде есепте тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандар тарапынан  жасалатын құқық бұзушылықтың және қылмыстың қайталануының алдын алу, соңдай-ақ іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау мақсатында 2018 жылғы 10-21  қыркүйек аралығында республикалық «Альтернативник» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараға Қармақшы аудандық жергілікті полиция қызметі мен Қармақшы аудандық пробация қызметінен 17 қызметкері және күнделікті полиция кешенді күштері тартылуда.
Аталған іс-шара кезінде Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың мекенжайы,  жұмыс орны бойынша тексеру жергілікті полиция қызметінің бастығымен бекітілген кестеге сәйкес, жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қармақшы аудандық пробация
қызметінің аға инспектор  
әділет капитаны           Ж.Жүнісов

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<