Алты келіге жуық бала дүниеге келді

364

0

 Алты келіге жуық бала дүниеге келді Ақтаудың перинаталды орталығында салмағы 5,8 келі болатын сәби кесарь отасы арқылы дүниеге келді. Көпсалмақты нәресте биылғы жылдың көрсеткіші бойынша АҚПО-да туылған ең үлкен сәби.

Ғалия Балжігітованың айтуынша, салмағы 4 келіден асатын нәрестелер саны күннен күнге артып келеді. Жылдың басынан АҚПО-да салмағы  4 келіден асатын 231 сәби дүниеге келген, бұл жаңа туған нәрестелердің жалпы санының 20% -дан астамын құрайды. Бұл туралы Lada.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. «2016 жылы салмағы төрт келіден асатын 864 бала дүниеге келсе, бұл көрсеткіш 2017 жылы 960-қа өсті. 2018 жылы кесарь отасы арқылы көпсалмақты 56 сәби дүниеге келді. Көпсалмақты  балалардың тууы әртүрлі факторларға, соның ішінде тұқымқуалаушылыққа, ананың ағзасындағы метаболикалық бұзылыстарға, сондай-ақ генетикалық ауытқұларға байланысты. Бірақ, балалардың көпсалмақты болып туылуы ауру болып табылмайды. Тек, жүкті әйелге босану кезінде қиындау болады. Зерттеулерге сәйкес, ұрықтың макросомиясы бар әйелдердің 80% -ы еш қиындықсыз, өздері босана алады», – деп түсіндірді Ғалия Балжігітова.Сонымен қатар, АҚПО-да 19 жастағы әйел салмағы 1,94 келі, бойы 45 сантиметр болатын ең кішкентай сәбиді дүниеге әкелген.Айта кетейік, жаңа туған нәрестенің орташа салмағы 3,3-тен 3,5 келіге дейін болуы керек. Биылғы жылдың көрсеткіші бойынша  АҚПО-да барлығы 1337 бала дүниеге келген екен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<