Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов көпбалалы аналарды қабылдап, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыс етті.
Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 22 қарашадағы №1079 Жарлығына сәйкес, көпбалалы аналарға 2 алтын, 10 күміс алқа берілді.
Алдымен, алтын құрсақты жандарды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаған аудан басшысы, аналарға ізгі ілтипатын білдіріп, алғысын айтты. Сондай-ақ, жиында сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Тұрмағанбет Жағыпбаров жас та болса, көпбалалы ана атанып отырған жандардың көптігіне қуанып, оларға жүрекжарды тілегін жеткізді. Сондай-ақ, шара барысында аудан өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, кештің сәнін келтірді.
Айта кетейік, қазіргі таңда аудан бойынша «Алтын алқа» иелерінің саны – 957, ал «Күміс алқа» иегерлерінің саны – 1538.
Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<