«Алтын тұғыр – 2024»: Сыр мақтанышы Пернебай Ақәділ алтын тұғырды иеленді

116

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Астанадан жеткен ақжолтай жаңалық. Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен үздік спортшылар анықталатын «Алтын тұғыр – 2024» мерекелік іс-шарасы өтті.

Аталған іс-шараға арнайы қатысқан ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов жерлесіміз, жамбы атудан ҚР 3 дүркін чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Пернебай Ақәділді жылдың үздік спортшысы ретінде «Алтын тұғыр» сыйлығына ие болды.

Айта кетейік, Пернебай Ақәділ Сыр өңірінде ең алғашқы «Алтын тұғыр» сыйлығын иеленген жас спортшы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<