Қызылорда гарнизонында «Алтын жебе-2020» арнайы операциялар күштерінің компоненттерінің кешенді тексерісі өтті.
Әскери бөлімдегі арнайы мақсаттағы барлау бөлімшелерінің жауынгерлік тапсырмаларды дер кезінде орындауын, жауынгерлердің далалық дайындығының деңгейін, кәсіби және жауынгерлік әзірліктерін тексеру көзделді.
Тексерістің алғашқы күні бөлімнің барлау бөлімшелері дабыл бойынша көтерілді. Келесі кезеңдерде кешенді тексерістің жоспарына сәйкес барлаушылар қойын-қолтық ұрыс дағдыларын, медициналық дайындықтарын көрсетті. Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс даярлығы бойынша сынақтар тапсырып, күндізгі, түнгі уақыттарда марш жасап, оқу-тактикалық атысты орындады.
Кешенді тексеру барысында әскери бөлімнің рота командирлері жақсы нәтиже көрсетті. Бұл сынақ бөлімнің жеке құрамына ынта-жігер берері сөзсіз.
Мұхит Қонаров,
Қызылорда гарнизоны баспасөз
қызметінің бастығы, сержант
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<