Алтынай Жорабаеваның қыздары өгей әкесінің тегіне ауысып кетті

1362

0

Ал туған атасының тегі ретінде Әбдіхалықовтың Айгүл Иманбаевадан туған ұлы Асылжан ғана өзінің Instagram парақшасына жазып қойыпты.

Актер Сәбит Әбдіхалықов пен әнші Алтынай Жорабаеваның қыздары ел назарына жиі ілігіп жүр. Олар бұл жолы әлеуметтік желідегі жеке парақшаларында тегін өгей әкесінікімен жазған, деп хабарлайды Экспресс К.

Алтынайдың Сәбиттен Аяулым, Айнара, Семанұр және Көркем есімді төрт қызы бар. Дәм-тұзы жараспаған ерлі-зайыптылар осыдан бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен еді.

Бүгінде бойжеткен арулар әлеуметтік желіде өте белсенді. Бірақ олар парақшаларын туған әкесінің тегімен емес, өгей әкесінікімен ашқан. Мәселен, Жорабаеваның қазіргі күйеуі Әлішер Есенғазин екен. Ал Сәбит пен Алтынайдың үлкен қызы Аяулым мен ортаншысы Семанұрдың Instagram, Tiktok аккаунттарына зер салсақ, олар өздерінің фамилиясын «Esngzna» және «Esengazina» деп анық көрсеткен.

Алтынай Жорабаеваның қыздары өгей әкесінің тегіне ауысып кетті

Анығында Сәбиттің әкесі — Әбдімүтәліп. Ал туған атасының тегі ретінде Әбдіхалықовтың Айгүл Иманбаевадан туған ұлы Асылжан ғана өзінің Instagram парақшасына жазып қойыпты.

Айта кетейік, Алтынай Жорабаева бірінші күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасқаннан кейін Әлішер Есенғазин есімді азаматпен танысып, 2020 жылы екінші мәрте тұрмысқа шықты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<