Ғалымдар ер адамды бедеулікке шалдықтыратын дәріні атады

353

0

Ғалымдар ер адамды бедеулікке шалдықтыратын дәріні атады Аллергияны емдеу кезінде ішілетін кейбір препарат ер адамдарды бедеулікке шалдықтыруы мүмкін. Бұл туралы Буэнос-Айрестегі Биология және эксперименталдық медицина институты ғалымдары айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Reproduction журналында жарияланған зерттеу жұмысына сілтеме жасап.

Зерттеу барысында ғалымдар аллергия туралы соңғы 40 жылда жазылған ғылыми жұмыстарды қарап, препараттардың жануарлар денсаулығына қалай әсер еткенін тексерген. Нәтижесінде ғалымдар гистамин белсенділігінің төмендеуі тестостеронның бөлініп шығуына кері әсерін тигізетінін анықтады. Яғни осылайша сперматозоидтар пішіні өзгеріп, олардың белсенділігі мен мөлшері төмендеуі мүмкін.

Мамандар антигистамдық препараттар мен сперматозоидтардың бөлініп шығуының арасында қандай байланыс барын анықтап жатыр. Мұнымен қатар, биологтар мұндай препараттарды көп қолданбауға кеңес берді.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін халықаралық ғалымдар тобы ибупрофеннің жүктіліктің алғашқы триместрінде әйелдердің денсаулығына кері әсерін тигізіп, іштегі шақалақтың түсіп қалуына әкеліп соғатынын анықтады. Ақпан айының соңында денсаулық сақтау министрі Чуваши Владимир Викторов босанғанға дейін жеті ер адаммен төсектес болған әйелдердің бедеулікке сөзсіз шалдығатынын айтқан еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<