Ғалымдар қол ұстасудың маңызын айтты

329

0

Ғалымдар қол ұстасудың маңызын айтты Жұптар романтикалық қарым-қатынастар кезінде қол ұстасып жүрсе, бұл олардың бойындағы ауруды бәсеңдетіп, ми белсенділігін арттырады. Бұл туралы Колорадодағы Хайф және Боулдер университеттерінің ғалымдары айтып отыр. 
Мамандар жүргізген зерттеудің нәтижелері Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланды. Зерттеу жетекшісі Павел Голдстайнның айтуынша, әйелі босанғаннан кейін ол тіпті әлсіз болып қалған. Сондықтан ғалым әйеліне көмектесу үшін осындай зерттеу жүргізіп көрмекші болған екен.
«Бұл әйеліме ауыр соқты, оған қалай көмектесе аламын деп ойладым. Бірде мен оның қолынан ұстадым. Көмектескен сияқты. Дегенмен мұны зертханада тексеріп көргім келді: адамның бойындағы ауруды оның қолын ұстау арқылы бәсеңдетуге бола ма, жоқ па», – дейді маман.
Осы орайда сарапшылар жастары 23-32 аралығындағы 22 жұпқа зерттеу жүргізді.  Зерттеу қорытындысына қарағанда, жұптар бір-бірімен қол ұстасқан соң олардың дерттері 34 пайызға азайған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<