
Бірлескен ән Иван Дорнның Youtube каналында жарияланған. Украиналық әншінің Youtube каналына 108 мыңға жуық жазылушы тіркелген. Әнші сондай-ақ, жаңа әнді өзінің Инстаграм парақшасына жариялады. Әнді тыңдаған тыңдармандар жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
«Уау!!! Екеуі де мен үшін керемет әртістер! Клип түсірсе тіпті қатып кетер еді», – деп жазады әншілердің тыңдармандарының бірі. «Украин мен қазақ тілінің бір әнде тоғысуы керемет!» – деп жазады екінші тыңдарман. Қос елдің әншілері жаңа әнді қазақ және украин тілдерінде орындап шыққан. Тыңдармандар әншілердің тағы да бірлескен жобалары болатынына сенім білдіріп жатыр.