Алғыс айту – парыз

623

0

Алғыс айту - парыз алағашта 1-наурыз Алғыс айту күніне орай «Алғыс айту- парыз» атты кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов, аудандық соттың бас маманы Ж.Қоңырбаев, «Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі» РММ аға инженері А.Арапбаев, ауылдық округ әкімдері, түрлі этнос өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.

Шара барысында түрлі этнос өкілдерінің қолөнер бұйымдарынан жасалған көрме, кітаптар көрмесі қойылды. Жиылған қауымды аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов айтулы күнмен құттықтап, аудандағы қоғамдық келісім мен этносаралық бірліктің нығаюына өзіндік үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтарды Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Алғыс хатымен марапаттады. Шарада сөз алған «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д.Мирман барша азаматтарға алғыс білдіріп,  «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігінің атынан Ризалық хат және арнайы сыйлықтар табыстады. Ал, шешен этносының өкілі А.Орсиханова  ыстық ықыласын білдірсе, кәріс этносының өкілі М.Цой аудандағы барлық түрлі этнос өкілдерінің атынан елге, аудан әкімдігіне зор алғысын білдіріп, арнайы қолдан жасалған қолөнер бұйымын аудан әкімдігіне табыстады. Кеште аудандық мәдениет Үйінің өнерпаздары өнер көрсетті.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<