Облыс әкімінің жүлдесіне арналған мемлекеттік қызметкерлер мен ведомстволар қызметкерлері арасындағы XXV дәстүрлі спартакиадаға белсенді қатысқан мәдениет басқармасына қарасты мекеме қызметкерлері басқарма басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
Аталған спартакиада үстіміздегі жылдың 10-21 маусым күндері өткен болатын. Басқарма атынан шыққан командалар жүзуден 3-орын, волейболдан 2-орын, шағын футболдан 1-орын, пневматикалық винтовкадан атудан 1-орынды жеңіп алды. Нәтижесінде олар командалық есепте ІІ орынды иеленді.





