Бүгін Жалағаштықтар Амал мейрамын кең көлемде атап өтті. Бұл күні түрлі ойын-сауық ұйымдастырылып, мерекенің басты сәні – наурыз көже пісіріледі.
Жиылған қауым бір-бірімен қол алысып, төс түйістіріп, көрісті. Амал мерекесімен аудан әкімінің орынбасары Тажмаханов Жағыпар Айтбайұлы жиналған қауымды құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мереке аясында алтыбақан құрылып, театрландырылған қойылым, арнайы концерттік бағдарлама халық назарына ұсынылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<