AMANAT: 400 адам қатысқан ауқымды спорттық іс-шара өтті

8

0

Фото: «AMANAТ» партиясы

Қызылордада «AMANAT» партиясы облыстық филиалы «BIALI SPORT» ЖШС-мен бірлесіп, «BIALI MARATHON 2026» деп аталатын марафон өткізді. Ауқымды спорттық шараға 400 азамат қатысты.

Марафонның басты мақсаты – өңірде бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындардың белсенділігін арттыру болды. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтар да қатысып, шараның әлеуметтік маңызын арттырды. Сонымен қатар, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері мен аманаттықтар да марафонға белсене қатысып, қоғамдық белсенділік танытты.

Жарыс 5 және 10 шақырым қашықтықта ерлер және әйелдер санаты бойынша өтті. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады.

Жандос Базартай марафонның маңыздылығына тоқталып, бұқаралық спортты дамыту – ұлт саулығын нығайтудың маңызды бағыты екенін атап өтті. Сондай-ақ партияның сайлауалды бағдарламасы аясында өңірде бұқаралық спортты дамыту, спорт саласын қолдау бағытындағы жұмыстарды жеткізіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

AMANAT: 400 адам қатысқан ауқымды спорттық іс-шара өтті

«AMANAT» партиясы «Халықпен бірге!» деп аталатын сайлауалды бағдарламасында ұлт саулығын нығайту бағытында ауқымды жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Мәселен, өткен жылы өңірде 6 спорттық нысан пайдалануға беріліп, нәтижесінде халықты спорттық инфрақұрылыммен қамту 1000 адамға шаққанда 56,5 пайызға жетті. Бүгінгі «BIALI SPORT» серіктестігімен бірлескен марафон да салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы жұмыстардың бір көрінісі. Жақында «BIALI SPORT» серіктестігі, облыстық спорт басқармасымен бірлесіп, өңір тұрғындары аорасында «AMANAT health» таңғы жаттығу жобасын жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Бұл жоба 6 ай бойы жүргізіліп, үздіксіз жаттығу жасаған тұрғын айфон телефонымен марапталатын болады», – деді Жандос Базартай.

Сондай-ақ, «BIALI SPORT» ЖШС төрағасы Асхат Шаукенбаев «AMANAТ» партиясымен бірлесіп, өңір спортын дамытуға, бұқаралық спортты дамыту бағытында жұмыстар жалғасытнын атап өтті.

Атап өтейік, марафонның жалпы жүлде қоры 2 миллион теңгені құрады. Жүлдегерлер қаржылай сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушыларға арнайы медальдар табысталды.