Кеше «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай мен облыстық кәсіподақтар Орталығының директоры, облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаевтың қатысуымен «Арай» бастауыш партия ұйымында ашық есік күні өтіп, «Құқықтық көмек» партиялық жоба аясында азаматтарға түрлі тақырыптарда кеңестер берілді.
2024 жылдың мамыр айынан бастау алған «Құқықтық көмек» партиялық жобасының мақсаты: азаматтардың құқықтық деңгейін арттыру, тегін заңгерлік кеңестер беру, заңсыздық әрекеттер орын алмаудың алдын-алу, заң талаптарына сәйкес мүгедектер санатына жататындарға заңгерлік сүймелдеумен көмектесу.
Жиынды ашқан партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай жобаның мақсат міндеті мен жоба аясында атқарылған жұмыстарды атап өтті.
«Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында өңірімізде білікті мамандармен азаматтарға, әлеуметтік осал топтағы жандарға тегін заңгерлік кеңестер беріліп, сотта, қылмысты қудалау органдарында және тағы басқа жағдайда азаматтарға өкілеттік етіп, өзін қорғауға көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылдың қорытындысымен облыс көлемінде жоба аясында өткізілген 123 қабылдауда 363 мәселе қаралып, 51 тұрғынға жан-жақты кеңестер берілді, 37 тұрғынға заңгерлік сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді.
Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің нұсқауымен 2025 жылдан бастап «Құқықтық көмек» жобасының маңыздылығын арттыру, өткізілу форматын кеңейту, көбейту ұйғарылып, осы мақсатта ағымдағы жылға жоспар бекітілді. Мәселен, биылдан бастап аудандарда, шалғай елді мекендерде өткізілген мобильді қабылдауларды жүзеге асырған топтар құрамында заңгермен қатар медиатор, адвокат, басқа да құқық саласының мамандары болып, тұрғындарға жан-жақты түсіндірмелер, кеңестер берілген болса, осындай шаралар партияның ірі бастауыш ұйымдарында да өткізіліп келеді. 2025 жылдың есепті кезеңінде жоба аясында 42 тақырыптық қабылдау өткізіліп, 222 тұрғынға кеңестер берілді, 96 адамға сотқа талап арыз жазуына көмек көрсетілді, 14 тұрғынға құқықтық сүймелдеу жүргізілді. Аталған шараның тиімділігін, пәрменділігін арттыру мақсатында партияның облыстық филиалы тиісті құрылымдармен меморандуға отырып, бірлескен бағытта жұмыстар жасауда. Соның айғағы бүгінгі шара партия филиалы мен облыстық кәсіподақтар Орталығымен жасасқан меморандумге сәйкес жүзеге асырылуда.» -деді төраға Жандос Базартай.
Ашық есік күнінің алғашқы бөлімінде бірқатар сала мамандарымен құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, «Қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік» жайында «Қарызсыз қоғам» жобасының облыстағы өкілі Балдырған Мәмен, «Тұрғын үй алуға жеңілдетілген ипотека беру бойынша «Отбасы банкімен» көрсетілетін қызметтер» бойынша «Отбасы банкі» филиалы директорының орынбасары Дастан Тасыбаев және «Заң консультанттарының заң көмегін көрсетудегі қызметі» Қазақстан заңгерлер Одағының мүшесі, кәсіби заңгер Дәулет Ізбасарұлы кең көлемде ақпарат берді.
Екінші бөлімде арнайы мамандармен қабылдау ұйымдастырылып, азаматтардың өтініштері мен сұрақтары тыңдалды. Онда облыстық кәсіподақтар орталығының бас маманы Майра Боранбаева, кәсіби заңгер-медиатор Дулат Сағымбаев, және облыстық еңбек инспекциясы департаментінің бөлім басшысы Мұрат Сүйеубаев қабылдау өткізіп, азаматтарға қолданыстағы заңнамалар аясында кеңес берді.






