«AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы жастармен кездесті

6

0

Фото: Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Нұртайұлы Базартай Сырдария ауданына сапары барысында аудан жастарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Жандос Нұртайұлы жастардың елдің стратегиялық дамуы мен болашағын айқындаудағы маңызды рөліне ерекше тоқталды. Ол білімді, саналы әрі белсенді жастар – мемлекет дамуының негізгі тірегі екенін атап өтіп, олардың бастамашылдығы мен азаматтық жауапкершілігі қоғамдағы оң өзгерістердің басты қозғаушы күші болып саналатынын жеткізді.

Сондай-ақ партия төрағасы жастарды өз білімін үздіксіз жетілдіруге, кәсіби және тұлғалық әлеуетін толық іске асыруға, еңбекқорлық пен жауапкершілікті өмірлік ұстаным ретінде қалыптастыруға шақырды.

Кездесу соңында Жандос Нұртайұлы жастарға сәттілік тілеп, олардың бастамалары мен ұсыныстары партия тарапынан әрдайым қолдау табатынын атап өтті. Өз кезегінде жастар ел дамуына үлес қосуға дайын екендерін білдіріп, осындай мазмұнды әрі тағылымды кездесудің ұйымдастырылғаны үшін алғыстарын жеткізді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі