Бүгін Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы партияның белсенділері «Таза бейсенбі» акция аясында кент орталығындағы «Рәміздер аллеясын» арам шөптерден тазартты.
Әр апта сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан акцияға бүгін 70-ке жуық аманаттықтар қатысып, аллея ішін мұнтаздай етіп тазартты.
«Таза бейсенбі» акциясы Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» эко акциясына қолдау мақсатында партия бастамасымен қолға алынған жұмыстардың бірі. Бүгінгі күні акция барлық өңірлерде апта сайын әр бейсенбіде жүргізіп келеді. Жалағаштық партияластар да ел мен жердің тазалығы, экологиялық қауіпсіздік үшін акцияға белсенді қатысуда. Бірер күннен кейін елімізде рәміздер күні аталып өтеді. Рәміздер аллеясында жүргізілген бүгінгі тазалық жұмыстары мемлекеттік рәміздерге деген құрметіміздің бір көрінісі», – дейді «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева.
Қоршаған ортаны қорғау мен тазалыққа үндейтін акцияға «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының қызметкерлері, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері, бастауыш ұйымдар мен мемлекеттік қызметкерлер де өз үлестерін қосты.






