«AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытуға арналған, саяси салада көшбасшылық әлеуеті жоғары, өз идеялары мен бастамаларын ілгерілетуге дайын белсенді әйелдердің қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған «TOMIRIS» партиялық жобасына құжаттар қабылдауды бастады.
Құжаттарды қабылдау 10 қыркүйек пен 28 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Іріктеуге қатысушының түйіндемесі, мотивациялық хат, видео-презентациясы қабылданады және 29 қыркүйек пен 10 қазан аралығында өтетін сұхбат нәтижесін бойынша жүргізіледі.
Құжаттарды Академияның info@apm.amanatpartiasy.kz электрондық поштасына жолдау қажет. Онда хат тақырыбы: «TOMIRIS», қатысушының аты-жөні, қай өңірден қатысқандығы көрсетілуі керек.
Жоба финалистері 2025 жылғы 03–05 қараша күндері аралығында өтетін 3 күндік оқыту бағдарламасына қатысады.






