Бірнеше аймақтарда тілсіз жаудан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетілуде.
Аталған көмекке Аманкелді ауылының тұрғындары да өз үлестерін қосып, қолында барымен бөлісуде.
Жүрегі кең «Жалын» еріктілер штабының мүшелері, ауылдық мәдениет үйінің басшысы, ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлер көмекке қолдау көрсетіп жатыр.
Ертең қайырымдылыққа құштар тұрғындардың көмектері тиісті аймақтарға жолға шығады. Біздерде аудан орталығына елдің аманатын арқалап, көмекті жеткізудеміз.
Ауыл тұрғындарының ауызбірлігі әрдайым осындай берік бола берсін! Барлық үлес қосқан жандарға айтар алғысымыз шексіз!
Аманкелді а/о әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<