Жуырда Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталған, кәмелетке толмаған сотталғандармен туған жері Қызылорда қаласының тарихын біліп тануымен тәрбиелік мәні бар, қайта қылмыс жасауға жол бермеу, қылмыстың алдын-алу мақсатында Қызылорда облыстық өлке-тану музейінің филиалы «Ақмешіт» музейіне экскурсия жасалды.
Музейдің залдарын аралату барысында: музейдің ескі тарихи ғимаратта орналасқанын көріп, Қызылорда қаласының XX ғасырдың басындағы зиялы адамдардың тұрмыс жайлары көрсетілген көркемсурет галериясын көріп, ата-әжелеріміздің тұрмыс тіршілігінде қолданған құрал жабдықтары диірмен, баян, қыш құмыралар, бекіністердің макеттерін және Каз ССР кезінде алған награда, грамоталар, іс-құжаттар көшірмелері, аяқ киім, киім зауыттарының, пілдің сүйегінен жасалған пияниноны шеберлердің қолымен жасалған бұйымдарын көріп, туған қаласы туралы толық мағұлмат алып, Пробация қызметкерлеріне ризашылықтарын білдірді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<