АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

312

0

 Сыр өңірінде «Экомед-Сырдария» клиникасының ашылуы аймақ жұртын ерекше қуантқан жаңалық болды. Себебі, репродуктивті ем алу үшін көпшілік бүгінгі күнге дейін Астана, Алматы қаласына баруға тура келетін. Емделу мен жол шығыны қалтаға біраз салмақ болатынын ескерсек, клиниканың өңірімізден ашылуы емделушілердің артық шығынын азайтты.
Клиниканың ашылуына орай ұйым­дастырылған ша­раға Қа­зақстан Республикасы Пре­зиденті жанындағы Әйел­дер істері және отбасылық-демо­графиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның әйел мен бала денсаулығын қорғау бойынша жұмыс тобының басшысы, «Экомед» адам ұрпағын өрбіту емханаларының ғылыми директоры, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова және Экомед-Шымкент клиникасының жетекші дәрігер-репродуктологы Аслан Әбішев қатысты. Мәртебелі меймандар шара аясында жергілікті дәрігерлермен, тұрғындармен кездесті.
«Бедеулікті емдеудің және анықтаудың заманауи әдіс­тері» және «Репродуктивті меди­цинадағы жаңа қөзқарас» тақырыбында өткен кездесуде белгілі мамандар осы тақырыпта пайдалы ақпараттармен бөлісті.
– Денсаулық саласындағы өзекті мәселе – аймақтарда бе­деулікті ем­дейтін  репродуктолог маман­ның жетіспейтіндігі. Осыған байланысты тиісті ма­мандармен ел аралап жүр­міз. «Экомед-Сырдария» кли­ни­касы­на біз білікті дәрігерлерді жіберіп отырмыз. Өңірде мұн­­дай клиниканың ашылуы тұр­­ғындардың өз аймағында ем­­делуіне мүмкіндік жасайды,– дейді Салтанат Байқошқарова.
Сондай-ақ, мамандар тарапынан халықтың өз саулығына салғырт қарайтындығы да өзекті мәселе ретінде айтылды. Кездесуге келгендер білікті мамандарға көкейдегі сауалдарын қойып, қажетті кеңес алды.
Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<