«Анама ауыр болды»: Сәкен Майғазиевтің әпкесі дүниеден өтті

201

0

Фото: https://www.instagram.com/saken_maigaziyev/

«Музарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің отбасы орны толмас қайғыға душар болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі жеке парақшасында туған әпкесінің дүние салғанын хабарлады.

«Әппақ әпкетайым, апатайым, ақылшым, аяулым, асылым, жаныңыз Жәннәтта шалқысын. Енді «Апатай, қалайсыздар?» деп қоңырау шалғанда, «Жақсымыз, Сәкбас, жаным, жарығым» демейсіз. Әпкедей мейірбан, тілеуқор, жанашыр болар ма?! Әкеміз бен анамыздың тұла бойы тұңғышы. Кемпір мен шалдың қызы, туған әпкем Айтгүл 66 жасында Раббысына қайтты. Кеше қасиетті жұма күні жер қойнына тапсырылып, жамбасы жерге тиді. Адам баласы Алланың өлшеп берген өмірінен бір минут ілгері не бір минут кейін өлмейтініне иман келтіргенбіз. Білсек те қимаймыз», – деп жазды әнші.

Өнер иесінің сөзінше, анасы қызының қазасын көтер алмай жатып қалған көрінеді.

«Атам деп жылатсаң да, ботам деп жылатпа» деп отыратын анамызға ауыр болатын болды. Я, Алла сенен келдік, саған қайтарылушыларданбыз. Сенен жәрдем тілейміз. Қордабайқызы Айтгүл құлыңды Фирдаус жәннәттық ете гөр. Раббым өзіңнен рахым, Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (Алланың оған сәлемі мен салауаты болсын) шапағат сұраймыз. Анамызға, жездемізге, әулетімізге, жиендерімізге көркем сабыр бере гөр!» – деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Еске салайық, «Бейсанаға белгі беру бұрыннан бар» деп Сәкен Майғазиевтің әйелі желіде тегін психологиялық тренинг өткізгенін жазған едік.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<