«Анасынан аумайды»: Балжан Бидаш футболшы Ұлан Қонысбаевтың жақындарымен танысты

1366

0

Фото: жеке парақшасынан

Танымал әнші Балжан Бидаш «Егіз-лебіз» жобасындағы өнер көрсететін жұбы Ұлан Қонысбаевтың анасымен танысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі футболшының анасы және қарындасымен танысып, мейрамханада жолықты.

«Достар, мен Астанаға келдім. Қазір кіммен кездесіп отырғанымды қараңыздар. Ұланның өзі емес. Ұланның анасы мен қарындасымен кездесіп отырмын. Мені қонақ қып шақырды. Керемет жандар екен! Қарындасы Тоғжанмен бұрыннан таныспыз. Енді «Егіз-лебіздің» әңгімесі қызайын деп тұр. Ұлан анасынан аумайды екен. Оқырмандарым «Ұлан қайда, қашан шығасыздар деп сұрайды?! Қазір ол Алматыда футбол жарысында жүр екен», – деп айтты әнші Instagram-дағы парақшасына жариялаған видеода.

Айта кетейік, эстрада жұлдызы отандық «Егіз лебіз» музыкалық жобасында футболшы Ұлан Қонысбаевпен өнер көрсетіп жатыр. Жұбы туралы әнші бүкпесіз баяндап берген еді.

«Анасынан аумайды»: Балжан Бидаш футболшы Ұлан Қонысбаевтың жақындарымен танысты
Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/

«Ұлан екеуміз бірнеше бағдарламадан өттік. Әр бағдарлама сайын тәжірибе алып жатырмыз. Ұланға әнші болмасқа болмады. Сахнадағы дайындық бар, түсірілім, қобалжу бар. Мен көп дайындалып, дайындыққа шақыратын тәлімгер емеспін. Ұлан осы жылы маған сәтті жұп болды. Әнге икемі бар. Караокеден шықпайтын жігіт. Бағдарламаға дайындалып, арасында ұрысып қоятыным бар. Ол – Астанада, мен – Алматыдамын. Екеуміз екі жақта дайындалдық. Бірақ ешқандай қиындық тудырмады», – деген болатын әнші.

Еске салайық, Балжан Бидаштың соңғы шыққан «Қателігімсің» әні ел аузында талқыланып жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<