«Анасынан жұқтырған». Қызылордалық бүлдіршін АИТВ-мен есепте тұр

82

0

Фото: depositphotos.com

Қызылордада 3-4 жас шамасындағы бүлдіршіннің АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Облыс бойынша 241 адам диспансерлік есепте тұр. Оның 154-і – ер, 87-сі – әйел адам. Аурудың басым көпшілігі алғашқы клиникалық сатысында анықталған. Есепке алынғандардың ең жасы – 3-4 жастағы бала. Ол отбасымен бірге Қызылордаға Алматы қаласынан келген. Аты жаман ауруды анасынан жұқтырған», – деді облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Өтегенова.

Статистикаға сүйенсек, 1990 жылдан бастап 2024 жылдың 10 айын қоса алғанда өңірде кесел жұқтырған 336 адам тіркелген. Биыл қаңтар-қазан айлары аралығында ауруды жаңадан жұқтырудың 35 жағдайы белгілі болды.

«Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл 7 жағдайға немесе 15 пайызға аз. Қауіпті дертке шалдыққандардың 34 пайызы – 20 мен 29, ал 29 пайызы – 30 бен 39 жас аралығындағылар, яғни халықтың экономикалық тұрғыда белсенді тобы», – деді орталық өкілі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<