Қанат Ислам промоутерлік компания ашты

162

0

Боксшы Қанат Ислам АҚШ-та «QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясын ашты.

Бұл туралы боксшының PR-менеджері Берік Сұлтан өзінің Facebook парақшасында.

«QAZAQ promotions» Американың ірі промоутерлік компанияларымен бірлесіп үлкен бокс кештерін ұйымдастыратын болады. Бүгінде «Main event» промоутерлік компаниясымен серіктестік орнаттық. Алда жоспар көп. Биыл чемпиондық жекпе-жек өткізу – е ң басты мақсатымыз. Сол жолда команда тынбай еңбек етуде. Суретте әріптестеріміз «Main event» промоутерлік компаниясының иесі, промоутер Kathy Duva және менеджер Egis Klimas», – деп жазды Берік Сұлтан.

Айта кетсек, бірінші орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (25-0-0,20КО) Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) ақпан айындағы рейтингінде көшбасшылық орнын сақтап қалған болатын.

Дереккөз: Inform.kz