Қанат Ислам WBO рейтингінің үздік үштігіне кірді

197

0

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) жаңартылған рейтингінде бір сатыға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.
Рангтер туралы кестенің жаңа шығарылымында жартылай орта салмақтағы WBO International атағының иегері мексикалық Хайме Мунгиядан (35-0, 28 КО) және британдық Лиам Уильямстен (22-2-1, 17 КО) кейін үшінші орынға тұрақтады. Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын АҚШ өкілі Деметриус Андраде (29-0, 18 КО) жеңіп алды.
Айта кетейік, бүгінге дейін өзінің соңғы айқасын Қанат Ислам 26 қазанда Алматы қаласында намибиялық Уолтер Каутондоквуға қарсы өткізіп, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<