Қанат Ислам жарақат алды: Жекпе-жек өтпейтін болды

292

0

Қанат Ислам жарақат алды: Жекпе-жек өтпейтін болды Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам кезекті айқасына дайындық кезінде аяғынан жарақат алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы боксшы ҚазАқпарат тілшісіне берген шағын сұхбатында мәлім етті.

«АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиындары кезінде аяғымнан жарақат алып қалдым. Негізі, кезекті кездесуім 23 маусым күні өтуі тиіс еді. Қарсыласым да белгілі болған. Өкінішке қарай бұл жекпе-жекті жанкүйерлерім көре алмайтын болды. Енді, толық жарақатымнан айығып алғаннан кейін рингке қайта ораламын. Бұйырса, екі ай көлемінде сауығып кетермін. Жанашыр жанкүйерлерім менің жекпе-жегімді асыға күтіп жүргенін жақсы білемін», – деді Қанат Ислам.
Естеріңізге сала кетейік, 23 маусым күні Қанат Ислам 27 жастағы мексикалық Фернандо Каркамомен (23-8, 18 КО) шаршы алаңға шығуы тиіс болатын. Жекпе-жек Лос-Анджелестегі (АҚШ, Калифорния штаты) Belasco Theatre ойын-сауық кешенінде өтеді және ол он раундқа созылады деп жоспарланған.
Енді Қанат Исламның жарақат алуына байланысты бұл жекпе-жек өтпейтін болды.

 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<