Аң аулауда аңдау керек

286

0

Фото: ашық дереккөз

Аң аулау – аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін мекендейтін ортасынан алуды жүзеге асыратын жануарлар дүниесін арнайы пайдаланудың түрі.

Аң аулау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау тәртібін және мерзімін белгілейді.

Аң аулау – кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) деп екіге бөлінеді.

Кәсіпшілік аң аулау – кәсіпкерлік қызмет мақсатында аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау.

Әуесқойлық (спорттық) аң аулау – спорттық, эстетикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында және олжалаған өнімдерді жеке пайдалану үшін аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау.

Аң аулау тек бекітілген аңшылық аймақтарында ғана жүзеге асырылады.

Қызылорда облысының жалпы жер көлемі 24130,0 мың гектарды құраса, оның ішінде жалпы жер көлемі 9805,784 мың гектарды құрайтын 41 аңшылық алқаптары ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта 25 аңшылық алқаптар 20 аң ісін пайдаланушыларға бекітіліп берілген, ал 16 аңшылық алқаптар резервтік қорда.

Әуесқойлық (спорттық) аң аулау үшін, аңшының қолында: аңшы куәлігі, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты мен аңшылық шаруашылығы субъектісінің берген жолдамасы болуы тиіс. Атыс қаруын пайдаланып аң аулау кезінде аңшыда ҚР ішкі істер органының атыс қаруын сақтау және алып жүруге берген рұқсаты, ал қыран құстармен аңшылық жасаған кезде аушы қыран құстың  тіркелгені туралы құжат болуы керек.

Шетелдіктер үшін Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау құқығы аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шарты, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат, жолдама алу, сондай-ақ ішкі істер органдары аңшылық атыс қаруы мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге берген қорытынды негізінде туындайды.

Тұяқты жануарларды (жабайы шошқа) аулау аңшылық шаруашылығының тиісті субъектісі қорықшысының қатысуымен жүргізіледі және тұяқты жануарды олжалаған жағдайда аңшының рұқсат құжатына белгі жасайды.

Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңы мен «Аң аулау ережесінің» талаптары бұзылған жағдайларда құқық бұзушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне және Қылмыстық Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

ҚР 09.07.2004 жылғы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» № 593 Заңының 38-бабының 5-тармағына және Аң аулау қағидаларының 18-тармағына сәйкес аң аулау барысында бірқатар тыйым салулар мен шектеулер белгіленген.

Атап айтқанда аңшы куәлiгiнсiз, атыс қаруын сақтау мен пайдалану құқығын беретiн iшкi iстер органдары рұқсатынсыз атыс қаруын қолданып, аң аулауды жүргізу мақсатында уақытша әкелінгендерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркеместен аушы жыртқыш құстарды қолданып, аң аулау ережелерiнде қолданылуы көзделмеген аулау құралдарын пайдаланып, аңшылық шаруашылығы субъектісімен шарт жасаспай кәсiпшiлiк мақсатта, егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аңшылық алқаптардың резервтiк қорында, алкогольден немесе есiрткiден масаң болу немесе өзге түрде улану жағдайларында, егін орағы аяқталғанға дейін ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жерлерде және т.б., жағдайларда аң аулауға тыйым салынады.

Қағидаға сәйкес, Қызылорда облысы көлемінде 2023 жылғы 15 шілдеден бастап 2024 жылғы 15 ақпанды қоса алғандағы кезеңге аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін аулауды өткізу мерзімдері:

Аң аулауды өткізу мерзiмдерi

Жануарлар түрлеріАң аулау мерзiмдерi
Су тышқан (ондатра)2023 жылғы 1 қазан – 2024 жылғы 15 ақпан
Қарсақ, түлкі, қоян (ақ қоян, ор қоян)2023 жылғы 1 қараша – 2024 жылғы 15 ақпан
Құм қоян2023 жылғы 1 қараша – 2024 жылғы 31 қаңтар
Бөдене, кептер, түркептер20 тамыздан бастап 30 қарашаға дейін (аң аулайтын иттермен және аушы жыртқыш құстармен 15 шілдеден бастап ұшып кеткенге дейін бөдене аулау)
Маймаққаз, қаз*, қарашақаз, үйрек*, қасқалдақҚызылорда облысында қыркүйектің бірінші сенбісінен бастап 15 желтоқсанға дейін. (аталық үйректерді көктемгі аулауға 1 наурыз – 15 мамыр кезеңінде 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге рұқсат етіледі)
Шiл (аққұр, тундралық, сұр, далашiлi, сақалдышiл), шілқыркүйектің алғашқы сенбісінен – 30 қарашаға дейін
Борсық1 қыркүйектен – 15 желтоқсанға дейін
Қабанқыркүйектің алғашқы сенбісінен – 31 желтоқсан
Кекiлiк1 қазан – 15 желтоқсан
Қырғауыл1 қараша – 31 желтоқсан (аң аулайтын иттермен және аушы жыртқыш құстармен 1 қазаннан бастап)

      Ескертпе:

      * – Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерден басқа.

Жануарлар дүниесін пайдалану және аң аулау барысында Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын қатаң сақтауды сұраймын.

«Қызылорда облыстық орман

шаруашылығы және жануарлар

дүниесі аумақтық инспекциясы»

РММ-нің жануарлар дүниесі және

аңшылық шаруашылығы

бөлімінің басшысы                                                                         Р. Бурабаев

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<