«Аңсаған сәби» бағдарламасы арқылы 5 мыңнан астам нәресте дүниеге келді

1779

0

Фото: Алина Төлеубаева/Kazinform

Президент 2021 жылы бастамашылық еткен «Аңсаған сәби» бағдарламасы нәтижесінде 8 мың әйел жүкті болып, 5000-нан астам сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтемемен. 

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник «Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. ҚРТ: Қазір және болашақ» атты Қазақстан репродуктивтік медицина қауымдастығының XV халықаралық конгресінде айтты.

Баласыз отбасылық ерлі-зайыптыларға ана мен әке болу бақытына ие болуға көмектесуге арналған бағдарлама басталғалы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен ЭКҰ-ға квоталар саны 7 есе ұлғайтылды және 20 мыңнан астам әйелді ЭКҰ рәсімдерімен қамтыды.

«Біз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатынан жыл сайын 7000 бағдарламаны орындауды жалғастырамыз. 21 000 бағдарламаны өткізу арқылы біз одан да көп балалардың дүниеге келуіне үміттене аламыз деуге болады. Бұл өте жоғары көрсеткіш, мыңдаған бедеу отбасылар осы бағдарламаға қатысып, ата-ана болуға мүмкіндік алатынын білдіреді», – деп атап өтті форумда ҚР ДСМ бас штаттан тыс репродуктологы, Қазақстанның репродуктивтік медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин.

Сонымен бірге, бас штаттан тыс онколог, ҚазОРҒЗИ басшысы Диляра Қайдарова онкологиялық аурулары бар әйелдер үшін бала тууды сақтау бағдарламасының рөлін атап өтті. Бұл емдеу басталғанға дейін жыныс жасушалары мен эмбриондарды криоконсервациялау үшін ЭКҰ клиникаларымен ынтымақтастықты қамтиды. 

Сондай-ақ Д.Қайдарова жатыр мойны обырын вакциналау және жатыр мойны обырының тиімді алдын алу үшін АПВ скринингінің перспективаларын қозғады.

Әлемде бедеуліктің әртүрлі түрлерін емдеудің үлкен тәжірибесі бар. Қазіргі әдістердің көпшілігі Қазақстанда да сәтті енгізілді. Қазіргі деңгейде эндовидеохирургия, диагностика мен емдеудің гормоналды әдістері дамуда, қауіпсіздік пен тиімділік бейіні жоғары жаңа дәрілік препараттар тіркелуде. Андрология, медициналық генетика, эмбриология және молекулалық биология қарқынды дамып келеді.

Қазақстандық репродуктивтік медицина қауымдастығы 2008 жылғы 2 қазанда құрылды және бедеулікті емдеумен айналысатын акушер-гинекологтар, андрологтар, эмбриологтар, генетиктер, психологтар мамандарын біріктіреді.

Конгресс жұмысының қорытындысы бойынша қарар қабылданды, онда алдағы жылға арналған жаңа міндеттер мен мақсаттар айқындалды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<