Қант тәуелділігінен арылған әйел мүлдем басқа адам болып шықты

368

0

Қант тәуелділігінен арылған әйел мүлдем басқа адам болып шықты Австралиядағы Харви бей қаласының тұрғыны Ким Флетчердің қантқа деген құмарлығы шектен асып, нәтижесінде ол ауыр дертке шалдыққан. 33 жастағы әйел екі сағат бойы тәттілерді жемесе күйзеліске ұшырап, ашуға қатты беріліп отырған. Алайда уақыт өте келе, бойына бар күшін жиған Ким қанты көп азық-түліктерден бас тартып, мүлдем басқа адамға айналды деп хабарлайды NUR.KZ.

Тәттілер, газды сусындар мен майлы тамақтарды көп қолданып, оларды жемесе дірілдей бастаған әйелді тоқтатуға дәрігерлер септігі тиген.

Олар 33 жастағы Кимге миозит диагнозын қойып, оған жедел түрде зиянды тағамдардан бас тартуға кеңес берді. Медицина қызметкерлерінің айтқанын мүдірмей орындаған ол санаулы айларда 60 келіні тастаған.

«Әрине бұл сынақ маған өте ауыр түрде өтті. Алайда, мен тоқтасам ұтылатынымды сездім. Сол себепті мамандар кеңес берген диетаны ұстанудың арқасында киім өлшемім жеті есе кішірейді» , – деп айтты Ким.

Әйел адамның арықтау жолында сүйіктісі елеулі көмек берген. Ол үнемі Кимның қасынан табылып, бұл жолдың расында да дұрыс екенін айтқан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<