Анталия әуежайына қонған Sukhoi Superjet 100 ұшағы өртенді

199

0

Фото: Pixabay.com

Ресейлік Azimut әуе компаниясына тиесілі Sukhoi Superjet 100 жолаушылар ұшағы Түркияның Анталия әуежайына қонғаннан кейін өртенді, деп хабарлайды BBC AirportHaber Түрік ақпараттық порталына сілтеме жасап.  

Федералды әуе көлігі агенттігі зардап шеккендер жоқ екенін растады.

Оқиғаға байланысты әуежайдың ұшу-қону жолағы уақытша жабылды, деп жазады басылым.

«Билік ұшу-қону жолағының жабылуына байланысты ұшақтардың қонуы тоқтатылып, кейбір рейстер кейінге қалдырылғанын айтты. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ, қозғалтқыштың өртену себебі анықталып жатыр», – делінген хабарламада.

Әуе көлігінің федералдық агенттігі кейінірек оқиға салдарынан ешкімнің зардап шекпегенін растады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<