Антикор «СК-Фармация» ЖШС қызметін тексереді

546

0

Сурет: sk-pharmacy.kz

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады. Талдау шеңберінде медициналық бұйымдарды сатып алу, ауруханалар мен емханаларды салу және жөндеу, сондай-ақ медициналық мекемелер қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу қоры және «СҚ-Фармация» ЖШС қызметі мәселелері зерделенетін болады.

Талдау Агенттіктің, Денсаулық сақтау министрлігінің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен және азаматтық қоғам өкілдерімен жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет азаматтарды талдауға қатысуға шақырады.

Егер Сізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болса немесе денсаулық сақтау саласын жетілдіру бойынша ұсыныстар болса оларды электрондық поштаға жіберуіңізге болады abdrakhmanov.n@antikor.gov.kz.

Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<