Ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді

377

0

Ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінде патриоттық тәрбие беру және мемлекеттік рәміздерге деген құрметін қалыптастыру мақсатында қызмет салаларының басшыларына және жеке құрам үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Өзінің алғы сөзінде Кадр жұмыстары басқармасы бастығының орынбасары полиция полполковнигі Баглан Бисен: «Біздің елде бұл мемлекеттік мерекені 4 маусым күні салтанатты түрде атап өтеді. Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің егемендігін, тәуелсіздігін айқындайтын символикалық айырым белгілері.  1992 жылы маусымның 4-і күні тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік рәміздерге: Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран кіреді. Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз мемлекет екенін көрсетті. Сондықтан ішкі істер органдары қатарында қызмет етіп жүрген әр қызметкер мемлекеттік рәміздерді, олардың қолданылу орны мен тәртібін білуі қажет» екендігін атап өтті.
Осы мақсатта жыл сайын дәстүрлі түрде «4 маусым – Рәміздер күніне» орай Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінде және аудандық бөліністерінде мерекелік шаралар ұйымдастырылып, өткізіліп тұрады.
Полиция  қызметкерлері сапқа тұрғызылып, әнұран орындалып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметі көрсетіледі.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<