Апат болған аймақ «Қазавтожолға» тиесілі емес болып шықты

261

0

 Қызылорда облысы бойынша республикалық маңыздағы жолдарда өткен жылмен салыстырғанда жол көлік оқиғалары жиілеген, деп хабарлады https://24.kz/. Кешегі оқиға бәрімізді есеңгіретті. Автобус аударылып, сегіз адамның өмірінің үзілуі орны толмас қайғы.
Иа, расында республикалық маңыздағы жол бойында көлік апаттары көбейген. «Қазавтожол» компаниясының өңірдегі филиалы мамандарының мəліметі бойынша өткен жылы 47 жол көлік оқиғасы болып, 20 адам көз жұмған. Тағы 87 адам түрлі дəрежедегі жарақат алыпты. Ал биыл 10 айда 59 көлік апатқа ұшырап, 86 жолаушы зардап шегіп, 33 адам қаза тапты. Алайда бұл көліктердің бəрі көк мұзға тайды деуге келмейді. Мамандар көп жағдайда жүргізушілердің жауапсыздығы қайғылы жағдайға ұрындырып отқанын айтады. Тіпті кей жол бөліктерінің жабылғандығы туралы СМС хабарламаларды елемей ұзақ жолға шығатындар да аз емес.
Шанжархан Мырзабай, «Қазавтожол» ҰК» АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары:
– Айта кетейік, Қызылорда облысы аумағында жалпы ұзындығы 1 мың 16 шақырымды құрайтын республикалық маңыздағы жолдар бар. Олардың 246 шақырымы бірінші санатқа, 566 шақырымы екінші санатқа, қалған бөлігі үшінші санатқа жатады. Осы жолдардың бойында 8 жол пайдалану пункттері мен учаскелері бар. Қыстың қытымыр күндері жол сапасын тиісті деңгейде ұстап тұру үшін жəне жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында аталған базалардағы 50-ге тарта техника дайындыққа келтіріліп, 600 тонна көмір, 1 мың 820 тонна тұз, 7,5 мың тонна құм жеткізілген. Ал кеше көктайғақ салдарынан 8 адамның өмірін жалмаған жол «Қазавтожолдың» бақылауына кірмейді екен. Дегенмен аталған жолды көк мұздан тазалауға көмек бердік дейді жол мекемесінің мамандары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<