Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды. Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтылануда.
Апаттан аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнына барлығы ТЖД, МӨСҚ, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Көлік министрлігі таратқан алдын ала ақпаратқа сәйкес, бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа ұшыраған Әзірбайжан әуе жолдарының жолаушылар ұшағында Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары болған. Баку ұшағының бортындағы жолаушылардың толық тізімі белгілі болды
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<