Апта ағымы (3-7 маусым)

431

0

Фото: ашық дереккөз

Сайлауалды бағдарламаның орындалуы Партиялық бақылау комиссиясы отырысында талқыланды

Жұмыс аптасында Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтіп, онда Сайлауалды бағдарлама аясында өткен жылы кешіктірілген, сонымен қатар ағымдағы жылы орындалмау қауіпі бар іс-шаралардың алдын – алу мәселелері талқыланды. Комиссия отырысына Партиялық бақылау Комитетінің және Орталық бақылау-тексеру комиссиясының мүшесі Ануар Ильясова және Партиялық бақылау комитетінің мүшесі Арман Евниев қатысты.

Фракция отырысы өтті

Облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері бас қосып, аймақтағы су, электр, газбен жабдықтау нысандарындағы жағдай және жылыту маусымына дайындық барысын талқылады.
Фракция отырысына облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова сонымен қатар жауапты сала басшылары қатысты.

«Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстарын жүргізді

Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы «Таза бейсенбі» акциясын бастаған болатын.
Республика көлемінде тазалықты сақтауға үндеген акцияға сырбойылық аманаттықтар да үлес қосып, қала орталығындағы азаматтардың демалыс орны, Б.Шөкенов атындағы саябаққа тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жалпы акция барлық аудандарда да ұйымдастырылып, «Жастар рухы» ЖҚ белсенділері, бастауыш ұйымдар аудан, ауыл маңын қоқыстардан тазартты.
«Таза бейсенбі» акциясы енді әр апта сайын жалғасатын болады.

«Қарызсыз қоғам»: жобалық топ отырысы өтті


Партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың төрағалығымен «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асыру бойынша аймақтық жобалық топ отырысы өтіп, онда Қызылорда қаласы бойынша жобалық топ кеңсесі жұмысының ұйымдастырылуы, партиялық жобаның ауқымын кеңейту, ақпараттандыру жұмыстары, Ұлттық жобалық кеңсесі хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы пысықталды.
Республикалық кеңес отырысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламалары мен жобалары талқыланды

Жұмыс аптасында «AMANAT» партиясы жанындағы Республикалық Жастарды қолдау жөніндегі кеңестің отырысы өтіп, оған бейнебайланыс режимінде партияның облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов пен «Жастар рухы» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Асет Баймырза қатысты.
Отырыс жастарды тұрғын үймен қамтуға бағытталған мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар мен жобалардың қолжетімділігі және нәтижелері туралы болды.

Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтті

Партияның облыстық филиалы жанындағы экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтіп, онда су тапшылығы мәселелері, өрт қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстарының жүргізілу барысы қаралады.

Азаматтар өтініші тыңдалды

Жұмыс аптасында партия алаңында партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Зейнолла Қазтоғанов, облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов, облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаса, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі Ержан Искендер Арал, Жанкелді Ысқақ Жаңақорған аудандық партия филиалы алаңында көшпелі қабылдау жасады. «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының заң кеңесшісі Айгүл Шегирова тақырыптық қабылдау өткізді. Қабылдаулар барысында азаматтардан 15 өтініш түсіп, олардың 7 оң шешілді. 3 өтініш иесіне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Жұмыс аптасында партияның аумақтық филиалдары және «Жастар Рухы» Жастар қанатымен партиялық жобалар аясында түрлі бағытта жиырмадан астам іс-шара ұйымдастырылып, 800-ге жуық азамат қамтылды.
Мәселен, Арал ауданындық партия филиалының төрағасы Базарбай Төрахметов, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі Мейрамбек Жұмашев, аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевпен бірге Ақбасты, Беларан, Ақеспе, Қосаман, Беларан, Құланды ауылдық округтерінде болып сайлаушылармен кездесті. Тұрғындардың көкейлеріндегі сауалдарын тыңдап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Партияның Қызылорда қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы «Ауыл аманаты» жобасы аясында іске қосылған жоба иелерімен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады.
Партияның «Сырдария» аудандық және «Байқоңыр» филиалдарында мүмкіндігі шекутеулі азаматтар үшін «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында тақырыптық қабылдаулар ұйымдастырылды.
Партияның Жаңақорған аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Сайлауалды бағдарлама аясында «Саяжай» ықшам ауданындағы 600 орындық, Жаңарық ауылындағы 300-орындық мектеп және аудан орталығында салынып жатқан «Руханият» орталығының құрылыс жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Жаңақорған аудандық партия филиалы 6 баланың анасы, жалғыз басты Патима Убайдуллаеваға Жаңақорған кенті, Саяжай ықшам ауданынан демеушілер көмегімен тұрғын үй салып беруге ықпал етті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<