Апта ағымы

449

0

Фото: «AMANAT» партиясы

Мәжілістегі фракция мүшелері жұмыс сапарымен Сыр өңірінде болды

Жұмыс аптасында өңірімізге ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, Мархабат Жайымбетов жұмыс сапарымен болып, Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевпен бірге Сырдария, Шиелі Жаңақорған аудандарында болды. Сапар барысында аудан хақымен жүздесіп, мемлекеттік жобалар аясында қолға алынған «Руханият» орталықтары мен жаңа білім ордасы іргетасы мен кірпішінің қалануына атсалысты.

Партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында Шиелі ауданына қарасты Алмалы, Ақтоған ауылдық округтері табиғи газға қосылуына куә болып, «Дала күні» семинар кеңесіне қатысты.

Сенат депутаты болды

Апта барысында Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтіп, мәслихаттар депутаттарының дауыс беруі нәтижесінде «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.

Саяси кеңес бюросы отырыстары өтті

Апта барысында партияның облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырыстары өтті. Алғашқы жиында Қызылорда облыстық мәслихатының бос депутаттық мандатына партиялық тізімінен үміткер ұсынылып, Бюро отырысының шешімі партияның аймақтық филиалы атынан облыстық сайлау комиссиясына арнайы хатпен ұсынылса, келесі жиында облыстық мәслихаттың депутаттығына партиялық тізімнен ұсынылған Тлеуімбетов Мұрат Жолкелдіұлын облыстық сайлау комиссиясының облыстық мәслихат депутаты ретінде тіркеуі туралы қаулысы шығуына орай партия Жарғысына сәйкес «AMANAT» партиясының атынан облыстық мәслихат Төрағасы лауазымының бос орнына ұсынылып, Бюро мүшелерінің қолдауымен «AMANAT» партиясының Қызылорда облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының қарауына жіберілді.

Фракция мүшелері қолдады

Партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың қатысуымен облыстық мәслихатттағы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Жиында облыстық мәслихат депутаты Гүлшат Мұсаева фракция қатарына қабылданып, күн тәртібіндегі екінші мәселеге орай фракция мүшелері партияның облыстық филиалы Саяси Кеңесі Бюросының шешіміне сәйкес, Қызылорда облыстық мәслихаты Төрағалығына ұсынылған Тлеуімбетов Мұрат Жолкелдіұлының кандидатурасын бір ауыздан қолдап, мәслихаттың сессиясына ұсынды.

«Жасыл аймақ» аптылығына үлес қосты

Білім беру ұйымдары, азаматтық қоғам өкілдері бірлескен  экологиялық шараға «AMANAT» партиясы да үлес қосты. Өскелең ұрпаққа өнеге болатын шараға партияның облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Алтынбек Жарылқасынов, «Жастар рухы» белсенділері қатысты.

Мемлекет басшысының бастамасы партияның Сайлауалды бағдарламасымен және арнайы «Таза лайк» жобасымен үндес. Осыған орай партияның облыстағы барлық бастауыш ұйымдары мен «Жастар рухы» белсенділері тазалық акцияларына толық қатысуда

Партиялық мониторинг жалғасып жатыр

Жұмыс аптасында партияның облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы бастаған мониторингтік топ Ақмешіт мөлтек ауданында орналасқан «Сенім» ЖШС емханасының материалды техникалық жағдайына, жазатайым оқиғаның алдын алу үшін Саламатов көшесіндегі теміржол өткелі үсіндегі аспалы көпірдің жағдайына мониторинг жүргізді.

Зеределеу қорытындысы бойынша жауапты сала басшыларына жұмысты жетілдіру бағытында ұсыныстар жолданды. 

«Ауыл аманаты»: Айдарлы ауылында жүн бұйымдарын өндіру кооперативі ашылды

Апта барысында Сырдария ауданы Айдарлы ауылдық округінде партияның «Ауыл аманаты» жобасы аясында жүн бұйымдарын дайындау цехы іске қосылды.

Цех «Бәйтерек» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрамында жұмыс жасайды. Цех иесі «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5% – бен 27,6 млн теңге жеңілдетілген несие алып, жүнді өңдеуге,тарауға арналған түрлі құрылғылар, теріге арналған тігін машиналарын сатып алған. Қазіргі уақытта мұнда 6 адам жұмыс істейді. Кооператив қызметкерлері төрт-түлік жүнін, терісін жинап, оларды қайта өңдейді және киіз үйді безендіру үшін киіз бұйымдарын жасауда.

Сырдария ауданында өткен жылы «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы аясында жалпы құны 234,7 млн теңгені құрайтын 23 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде Айдарлы ауылдық округінде 2 кооперативке 55,2 млн теңге қаржы бөлінді.

«Кітап-AMANAT» орталығында танымдық кездесу өтті

23 сәуір «Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне» орай партияның облыстық филилалы жанындағы «Кітап-AMANAT» орталығында «Жастар рухы» ЖҚ-ның белсенді жастары Қазақстан жазушылары одағының мүшесі, Ғани Мұратбаев атындағы республикалық жастар сыйлығының иегері, қазіргі таңда хит әндердің авторы Ақжол Түменбаймен кездесу өткізіп, автордың  шығармашылығы жайлы әңгіме қозғады.

«Кітап-AMANAT» жобасының басты мақсаты: «AMANAT» партиясы жанында оқырман мәдениетінің құндылығын қалыптастыратын зияткерлік қауымдастық жасау.

Спорт – саулық кепілі

Бұқаралық спортты дамыту «AMANAT» партиясы Сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтардың бірі. Осы орайда Байқоңыр қаласында «AMANAT» партиясының қолдауымен жасөспірімдер арасында бокстан республикалық турнир басталды.

Партияласымыз ауыл әкімі болып сайланды

Апта барысында Қазалы ауданы Сарыкөл ауылдық округі әкімінің тікелей сайлауы өтіп, «AMANAT» партиясының белсендісі Бердімұрат Рахымжан Дабылұлы 93,4% дауыспен жеңіске жетті.

Өңірде Президент бастамасына сай  өткен жылы және жыл басынан  43 ауыл әкімі сайлауы өтіп, «AMANAT» партиясы атынан ұсынылған 42 кандидат ауыл әкімі болып сайланды.

Кестеге сай қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырылды

Жұмыс аптасында партия алаңында партияның облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы,  облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Гүлшат Мұсаева, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ерсұлтан Апетов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындар өтініштерін тыңдады.

Қабылдауларда азаматтардан 12 өтініш түсіп, олардың 6 оң шешімін тапты. Қалған өтніштер қаралу үстінде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<