Апта ағымында

10

0

Фото: ашық дереккөз

ПАРТИЯНЫҢ ШИЕЛІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНА АТҚАРУШЫ ХАТШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы іс-сапармен Шиелі ауданында болып, филиалда партия активімен кездесті.
Партия белсенділерінің қатысуымен өткен жиналыста төраға қатысушыларға тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсарту үшін партияның рөлін және БПҰ жұмысын күшейту бойынша алдағы міндеттерге тоқталды.
Шара барысында төраға осы кезге дейін аудандық филиалдың төрасы қызметін абыроймен атқарып келген Сыздық Болат Мүбаракұлын зейнеткерлікке шығуымен құттықтап, еңбек еткен жылдары үшін ризашылық білдіріп, партия хатшысы Дәулет Кәрібектің арнайы Алғыс хатын табыстады.
Сондай-ақ, актив жиналысында «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының Атқарушы хатшысы қызметіне Баймұратова Жібек Орынбайқызын тағайындады.

БАСТАУЫШ ҰЙЫМ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСЫП, ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫН ЗЕРДЕЛЕДІ

Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Шиелі ауданына жұмыс сапары барысында партия филиалына қарасты 80 ге жуық мүшесі бар «Шиелі-Сұңқар» бастауыш партия ұйымының жұмысымен танысты.
Ұйым жұмысын көріп, мүшелерімен кездескен төраға бастауыш партия ұйымдары партияның тірегі екенін атап өтіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Мұнан соң төраға партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында құрылысы жүріп жатқан Иіркөл ауылдық округі, Жансейіт елді мекеніндегі 100 орындық білім нысанының құрылыс барысын зерделеді.

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫНА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов бастаған партиялық бақылау комиссиясының мүшелері бүгін сайлауалды бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатқан Қызылорда қаласындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы білім ордаларының құрылыс жұмыстарына мониторинг жүргізді.

ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
«AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, облыстық «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбіш Сәбит ауылшаруашылығы саласының ардагері, Кеңес одағы тұсында «Социалистік жарыстың» жеңімпазы, 1979 жылы Алматы қаласында Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А. Қонаевтың табыстауымен «Победитель Соцсоревнования» төсбелгісінің иегері Ауғанбай Айғараевтың құтты шаңырағында болып, еңбек адамын 90 жасқа толған мерейлі мерекесімен құттықтады.
ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРГЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕМИНАР ӨТКІЗДІ

Қызылорда қаласы N 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтарды болдырмау, алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында семинар өтті.
Жиынға “AMANAT” партиясы облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Мақсұт Нәлібаев қатысып, ұжымды заңдылықты бұзуға жол бермеуге қызметтік және еңбек тәртібін сақтауға шақырды.

РУХТАСТАР ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ҚАРИЯҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

«Ерікті – Көмекке» қызу желісіне келіп түскен хабарлама бойынша «Жастар Рухы» Жастар қанаты облыстық филиалының еріктілері 75 жастағы әжейдің өтініші бойынша көмек көрсетті.

ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШ-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Жұмыс аптасында партияның облыстық филиалы алаңында Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Байменова Ғалия Абсадыққызы, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» депутаттық фракциясының мүшелері Ниязов Мұхтар Мауленұлы мен Шаменова Балжан Мөрәліқызы қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініштерін тыңдады.
Қабылдаулар барысында тұрғындардан 6 өтініш түсіп, олардың 3 оң шешілді.

АУМАҚТАРДАН АҚПАРАТ

“AMANAT” партиясы және Қызылорда қалалық филиалының ықпал етуімен фракция мүшелері Титов мөлтек ауданының ахуалымен танысу жұмыстарын жүргізді.

Партияның Арал аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра» жобасы аясында «Октябрь» бастауыш партия ұйымы мүшелері ҰОС арналған ескерткіштерге тазалық жұмыстарын жүргізді.

Қазалыда Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әділбек Сарабеков аудандық Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе бірқатар су айдындарына барып, мониторинг жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
Партияның Байқоңыр қалалық филиалының ұйымдастыруымен Қармақшы ауданы, Ақай ауылындағы «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында салынған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмыстарына мониторинг жүргізілді.
Жалағаш ауданына қарасты Мәдениет ауылында ауылдық клубта «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кәсіп бастауға ниетті ауыл тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасының іске асу барысы түсіндірілді.
Партияның Сырдария аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мен Тереңөзек кенті қауымдастық мүшелері бірлесіп, кент орталығында жасалып жатқан бірқатар жұмыстарға партиялық бақылау жұмыстарын жүргізді.
«Таза Қазақстан» жобасы аясында Жаңақорған ауданына қарасты Орталық» және «Жалынды жастар» бастауыш партия ұйымы мүшелерінің қатысуымен «Таза бейсенбі» акциясы бойынша Әлімкөл су айдыны жағалауы қоқыстан тазартылды. Акцияға аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері, ерікті жастар мен партия белсенділері қатысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<