«AMANAT» : БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫ АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Алғыс айту күні және Партия күні қарсаңында Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошановтың қатысуымен үздік бастауыш партия ұйымы мен үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі байқауы қорытындыланды.
Олардың қатарында Қызылорда облысынан партияның Сырдария аудандық филиалына қарасты «Жастар» бастауыш партия ұйымы жүлделі II орынды иеленді.
ПАРТИЯ ҚАТАРЫ ЖАҢА МҮШЕЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ
Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Алғыс айту және Партия күні мерекесі қарсаңында партия қатарына жаңа мүшелерді салтанатты түрде қабылдап, бірқатар партия белсенділерін алғыс хаттармен марапаттады.
Партия қатарын ғылым кандидаттары, мұнайшы, білім және спорт саласы өкілдері толықтырды.
Салтанатты шарада төраға партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарды құттықтап, «AMANAT» партиясының стратегиялық жоспарын жүзеге асыру жолында белсенді жұмыс жасауға шақырды.
ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН –АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«AMANAT» партиясы жанындағы Партиялық бақылау комитетінің отырысы өтіп, онда өңірлердің су тасқыны жағдайына дайындық жұмыстары және барлық гидротехникалық құрылыстардың дайындығы талқыланды.
Комитет отырысына бейнебайланыс режимінде партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары Ержан Искендер, Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерлан Бакиров, сонымен қатар жауапты сала басшылары мен орынбасарлары қатысты.
ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ: 90 КҮННЕН АСТАМ БЕРЕШЕГІ БАР АЗАМАТТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ
Облыс әкімінің бірінші орынбасары, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасының аймақтық кураторы Данияр Жаналиновтың төрағалығымен жобалық топтың кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға аудан әкімдері, аудан әкімдерінің орынбасарлары мен жауапты сала басшылары қатысты. Онда жоба аясындағы оқу курсының алғашқы аптасы қорытындыланып, алда тұрған міндеттер пысықталды.
Жиын барысында Данияр Жаналинов алғашқы оқу аптасында анықталған кемшіліктерді түзету мен жұмысты жетілдіру бағытында нақты тапсырмалар берді.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ КЕЗІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БОЛДЫРМАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Аптада «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес Акционерлік қоғамы алаңында «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық кеңестің көшпелі отырысы өтті.
Кеңес мүшелері алдымен орталықта халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қол жетімділігі мен тиімділігіне мониторинг жасап, жұмысымен танысты. Мұнан соң бас қосып, орталықтағы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытында атқарылған жұмыстарды талқылады. Кеңес құрамына өзгеріс енгізіп, Кеңес төрағасының орынбасарын сайлады.
«ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҚЫРЫПТЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Партияның облыстық филиалы және Қызылорда облысының жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының бірлесіп ұйымдстыруымен «Құқықтық көмек»партиялық жобасы аясында тақырыптық қабылдау өтті.
Шараға жеке сот орындаушылар Өңірлік палатасынан құрылған алимент кеңсесі өкілдері қатысып, алимент санатындағы атқарушылық іс жүргізу құжаттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жоба аясында ұйымдастырған тақырыптық қабылдауға 40-тан астам азамат қатысып, заңнамалық кеңестер алды.
«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ПАРТИЯ АЛАҢЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешованың қатысуымен партия филиалы жанындағы «Білім және Денсаулық сақтау мәселелері» жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті. Онда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2024 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспар талқыланды.
Жиын барысында жобаның өңірде жүзеге асу барысы туралы облыстық экономика және қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дастан Баймаханов баяндады.
Отырыста жұмысты жетілдіруге қатысты ұсыныстар ортаға салынып, тиісті жұмыстар жасалатын болды
ФРАКЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР ҚҰРЫЛЫСЫНА БАҚЫЛАУ ЖАСАДЫ
Облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Жорабек Нұрымбетов мәслихат депутаттарымен бірге салынып жатқан құрылыс жұмыстарының сапалы болуын және бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын қадағалау мақсатында қаланың сол жағалауындағы 300 орынға арналған жатақханасы бар 400 орындық физика-математика бағытындағы мектеп-интернатының және музыкалық колледж құрылыстарының жұмыстарына зерделеу жасады.
Өз кезегінде депутаттар мердігер мекеме өкілдеріне құрылыстың бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуі керектігін және техникалық, авторлық қадағалаушыларға құрылыс нысандарына бақылауды күшейту керектігін ескертті.
ТҰРҒЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ӨТКІЗІЛДІ
Апта барысында Партияның облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Батырхан Базарбаев, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Ізмағамбетов жеке қабылдау өткізді. Мұнан бөлек партияның Шиелі аудандық филиалында «Қарызсыз қоғам» жобасының қаржы сарапшысы Балдырған Мәмен азаматтарға қаржы мәселесі бойынша кеңес берді.
Қабылдауларға 24 азамат өтінішпен келіп, 10 мәселе оң шешімін тапты, 12 өтініш иесіне заңнамалық кеңес берілді, 2 мәселе орындалу барысында.
МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Жұмыс аптасында партияның барлық аумақтық филиалдарының ұйымдастыруымен қала, ауданға қарасты ауылдық округтерде көшпелі мобильді қабылдау өткізілді.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан жұмыссыздық, әлеуметтік мәселелер, екінші деңгейлі банктер мен микроқаржылық ұйымдардың әрекеттері және денсаулық сақтау саласын жетілдіру бойынша өтініштер мен ұсыныстарын білдірді.
Әр сұраққа нақты жауап беріліп, мәселелер оң шешімін тапты және заң аясында түсіндірме жұмыстары да жүргізілді.
«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АКЦИЯСЫ ӨЗ НӘТИЖЕСІН БЕРУДЕ
«AMANAT» партиясының қоршаған ортаның ластануын болдырмау, өлкеміздің табиғатын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырып келе жатқан «Таза бейсенбі» акциясына бүгін Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы партияластар да үлес қосты.
Олар аудан орталығындағы МАЙ бекеті ықшам ауданына тазалық жұмыстарын жүргізіп, тұрғындары тазалық мәдениетін сақтауға шақырды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<