Апта ағымында

45

0

Фото: Аманат партиясы

«Жұмысшы мамандықтарға жаңа мүмкіндік» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы, Қоғамдық даму басқармасы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығы, Еңбек мобильді орталығы және «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтарға жаңа мүмкіндік» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге түрлі салалардан өкілдер қатысып, жұмыс іздеушілерге өз салалары бойынша бағыт-бағдар, түрлі кеңестер берді.

Негізгі мақсаты – жұмыссыз жастарға жұмыс беруші мекемелермен сұхбаттасуға мүмкіндік беру. Оқу бітіруші түлектерге өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға жағдай жасау және мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру.

Іс-шара барысында жұмыссыз жастарға арнайы 33 мекемеден 150-ге жуық бос жұмыс орындары ұсынылды.

Әлеуметтік санаттағы азаматтарды қолдау мәселесі кеңінен талқыланды

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау» мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті.

Жиында партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы, соның ішінде «Әлеуметтік санаттағы азаматтарды қолдау» бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысы кеңінен талқыланды.

Жиында сөз алған партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов халықты әлеуметтік қорғау жүйесі халықпен етене жұмыс атқаратын сала екендігін атап өтіп, кеңес мүшелерін аймақ тұрғындарының, оның ішінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға тиісті көмектердің уақытылы жүйелі түрде көрсетілуіне жұмылып жұмыс жасау қажеттін айтты.

Кеңес қорытындысымен жұмысты жетілдіруге қатысты айтылған ұсыныстар хаттамаланып, тиісті органдарға жолданатын болды.

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында теміржолшылармен кездесу өтті

Аптада партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов «Магистралды желі» бастауыш партия ұйымында болып, теміржолшы мамандармен, сондай-ақ салада ұзақ жылдар табанды еңбек етіп, өңір экономикасының дамуында өзіндік қолтаңбалары бар отбасылық династиялармен кездесті.

Кездесуде төраға сала мамандарын Амал мерекесімен құттықтап, мемлекет, партия, жергілікті әкімдік тарапынан жұмысшы мамандықтарды дәріптеу, еңбек адамдарына құрмет көрсету мен аймақты дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен ақпарат беріп, саланың бірқатар ардагерлері мен мамандарын марапаттап, сый-сыяапат көрсетті.

Сайлау науқанына дайындық жұмыстары пысықталды

Жұмыс аптасында партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов аумақтық филиалдармен аппарат жиынын өткізіп, онда 30 наурыз күні Сырдария аудандық мәслихат депутатының бос орнына өтетін сайлау, 16 наурыз күні өтетін ауыл әкімдерінің сайлауына дайындық жұмыстары және 13 сәуірге жоспарланған ауыл әкімдерінің сайлауына партия атынан үміткерлер ұсыну мәселелерін талқылады. Сонымен қатар алдағы міндеттерді пысықтады.

Аппарат жиынына ZOOM платформасы арқылы аумақтық партия филиалдарының атқарушы хатшылары қатысып, күн тәртібіне сәйкес дайындық жұмыстары бойынша хабарлама жасады.

Ұсынылатын кандидаттардың «Сайлау туралы» Конституциялық заңының барлық тармақтары мен біліктілік талаптарына сәйкес болуына қадағалау қажеттігін қатаң ескерткен партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов алдағы міндеттерді атап өтті.

Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес отырысы өтті

Кеңес отырысының күн тәртібінде өңірлердегі NEET санатындағы жастардың жағдайы, ауыл жастарын әлеуметтендіру, жұмыссыздық бойынша өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

Жиынға партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов арнайы қатысып, қаралған мәселелер бойынша өз пікірін білдірді.

Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелері аталған тақырыптар аясында сұрақтар қойып, талқыланған мәселелердің шешімі нақтыланды.

Тұрғындарға арналған жеке қабылдаулар өткізілді

Партияның облыстық филиалының Төрағасы А.Есмаханов, Атқарушы хатшысы Л.Төрешова, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Б.Махашов, Н.Бақытбекұлы, білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Есенбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік инспекциясы комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Б.Жұмағұлов жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауларға 15 азамат өтінішпен келіп, 8 мәселе оң шешімін тапты, 5 өтініш иесіне заңнамалық кеңес берілді, 2 мәселе орындалу барысында.

«Таза бейсенбі»: 100-ге жуық тал көшеттері отырғызылды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы қолға алған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына Қармақшы ауданындағы аманаттықтар өз үлесін қосты.

Экологиялық акцияға партия қызметкерлері, партия мүшелері, ауданға қарасты мекеме қызметкерлері қатысып, Жосалы кенті, Амангелді көшесінің бойына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Экологиялық акцияға 60-тан астам адам қатысып, 2 тонна шамасында қоқыс шығарылды. 50 түп ағаш түбі ақталды.

Амал келді – ән келді, аналардан сән келді

«AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалына қарасты «Бәйтерек» бастауыш партия ұйымы Көрісу күні мерекесіне орай мекеме қызметкерлері мен ұжым мүшелеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Амал келді – ән келді, аналардан сән келді!» атты шара аясында мекемелер араланып, әр ұжымға ізгі тілектер айтылып, ұлттық дәстүріміз ұлықталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<