Республикалық кеңесте халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі талқыланды
«AMANAT» партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі республикалық кеңестің отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйдің қолжетімсіз болуы мәселесі қаралды.
Жиынға өңірден Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, Өңірлік даму жөніндегі аймақтық кеңес мүшесі Гүлнар Жұмашева, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Марат Мырзабеков, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Тахир Нәдірбек пен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы Смат Сейдахметов қатысты.
Мал басын көбейтуге және оны асылдандыру мен өнімін ұлғайту бағытында атқарылатын жұмыстарға мониторинг жасалды
«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының өкілдері Сайлауалды бағдарлама аясында мал басын көбейту, асылдандыру мен өнімін ұлғайту бағытында атқарылған жұмыстарды саралау масқатында Қызылорда қаласына қарасты Қосшыңырау ауылдық округінде орналасқан «Аруана» шаруа қожалығы жұмысына партиялық бақылау жасады.
Мониторинг жұмысына партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, партиялық бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ержан Искендер, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мал шаруашылығын дамыту бөлімі басшысы Даулетбек Абдирасулов, сонымен қатар қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысының орынбасары Нұрбек Әзірбек қатысты.
«Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді
«AMANAT» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Құқықтық көмек» партиялық жоба аясында тақырыптық қабылдау өтті. Қабылдауға транзиттік автокөліктерді заңдастыру және тауарларды кедендік декларациялау, утильалым мәселелерін көтеріп жүрген азаматтар келіп, өздерінің ұсыныстарын жеткізді.
Кездесу барысында азаматтар шет мемлекеттен алып келінген автокөліктерді тіркеу мен кедендік рәсімдеудің заңдылықтарына қатысты өздерін толғандырған сауалдарға жауапты орган өкілдерінен нақты жауаптар алды.
Кеңестердің бірлескен отырысы өтті
Партияның облыстық филиалы жанындағы «Білім және денсаулық сақтау» мен «Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау» мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестердің бірлескен отырысы өтті.
Жиында түрлі тәуелділіктерді емдеу және оңалту бойынша мекемелердің жұмысына мониторинг жүргізу, бақылау талаптарының іске асырылуы туралы сөз қозғалды. Оның ішінде – тәуелділіктері және психикалық ауытқулары бар адамдарды психикалық диспансер деректерінде есептеу мәселесі кеңінен талқыланды.
«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқу курсы жалғасуда
«AMANAT» партиясының қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқу курстары осыған дейін өңірде Қызылорда қаласы және Шиелі аудандарында жүргізілсе, оған ағымдағы аптада Жаңақорған ауданы қосылды.
Оқу курстарына банктер мен микроқаржы ұйымдары алдында 90 күнен астам берешегі бар азаматтар оқытылады. Оларға қарызды реттеуге, қаржылық қиындықтан шығуға жан – жақты көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, қаржылық сауаттылық негіздерін, үнемдеу мен табысыңызды арттыруды, алаяқтық әдістерін анықтау жолдары тегін үйретіледі. Заңгерлер көмегі көрсетіледі.
Тұрғындарға арналған жеке қабылдаулар өткізілді
Облыс әкімінің орынбасарлары Бахыт Жаханов және Шахмардан Байманов, партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов , облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Рашид Ибраев, қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Қаюпов жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауларға 22 азамат өтінішпен келіп, 12 мәселе оң шешімін тапты, 6 өтініш иесіне заңнамалық кеңес берілді, 4 мәселе орындалу барысында.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жәрмеңке өтті
Партияның облыстық филалы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ, облыстық жұмыспен қамты үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстық жастар ресурстық орталығы, Еңбек мобильді орталығы және «Мансап» орталығының бірлесіп, жұмысшы мамандықтар жылы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Жәрмеңкеге 24 жұмыс беруші қатысып, жұмыс іздеушілерге 240-қа жуық жұмыс орындарын ұсынды. Қатысушыларға кәсіптік бағдар беріліп, мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолдау көрсету және кәсіпкерлік бастамаларды дамыту мүмкіндіктері таныстырылды. Сондай-ақ келушілерге жергілікті кәсіпкерлер көрме ұйымдастырып, азық – түлік пен түрлі бұйымдарды паш етті.
«Таза бейсенбі» акциясы жанашыр азаматтардың басын біріктірді
«AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы көптеген белсенді партияластардың басын біріктірді. Бүгінде Қызылорда қаласының мәдени-көпшілік демалыс орындарында, шетаймақтағы көшелерінде аталмыш акцияны қолдау мақсатында тазалық жұмыстары ұйымдастырылуда.
Бұл бастама қоғамда тазалық мәдениетін қалыптасып ғана қоймай, шаһар тұрғындарын жалпыұлттық акцияға өз үлесін қосуға шақырады.
Осындай тазалық жұмыстарының бірі – Қызылорда қаласындағы «Келменбет батыр» атындағы саябақта ұйымдастырылды. 30-дан аса партияластардың басын біріктірген акция аясында бірнеше сағаттың ішінде 2 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Қызылорда қаласының коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің көмегімен қоқыстардың барлығы жүк көліктеріне тиеліп, қоқыс алаңына жөнелтілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<