Парламент депутаттары аумақтарды аралады
Жұмыс аптасында ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев және партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария аудандарында іс-сапарды болды.
Халық қалаулылары жұмыс сапары барысында партияның сайлауалды бағдарламасы аясында жөндеуден өтіп жатқан әлеуметтік нысандарды зерделеді.
Мұнан бөлек тұрғындармен, зиялы қауым өкілдері, жастармен кездесулер өткізді. Сондай-ақ түрлі еңбек ұжымдарында, кәсіпкерлік нысандарда болып, өтініш-тілектер мен ұсыныстарды назарға алды.
Сонымен қатар «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев партия алаңында жеке қабылдау өткізіп, тұрғындар тілегін тыңдады.
Партия мүшелерінің қатысуымен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы ұйымдастырылды
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасын қолдау аясында «AMANAT» партиясымен әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экоакциясы бүгін Қазалы ауданында жалғасты.
Кезекті тазалық шарасына партия филиалының Атқраушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудандық мәслихат депутаты Арғын Орымбаев, «Теміржолшы», «Қазалы Келешек» және «Көлік» бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, сондай-ақ «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары қатысты.
Жалпы 30-дан аса адам қатысқан тазалық жұмыстары барысында Әйтеке би кентіндегі А.Елубаев көшесі қамтылды. Аталған көше маңындағы аумақтардағы қоқыстар теріліп, нәтижесінде 1 тоннаға жуық қоқысты арнайы орынға шығарылды.
Тұрғындар тілегі тыңдалды
Жұмыс аптасында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары М.Мырзабеков, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Қ.Жансұлтанұлы, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Г.Мұсаева қабылдау өткізді.
Қабылдауларға 11 азамат өтінішпен келіп, олардың 5-і оң шешімін тапты. 4 мәселе бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 2 өтініштің орындалуы бақылауға алынды.






