Апта ағымында

69

0

Фото: «AMANAT» партиясы

Қазалы ауданы әкімі лауазымына үміткер Алмасбек Есмаханов үгіт-насихат жұмыстарын бастады

Жұмыс аптасында Қазалы ауданы әкімі лауазымына «AMANAT» партиясынан ұсынылған кандидат Алмасбек Есмаханов ресми түрде үгіт-насихат жұмыстарын бастады.

Үмітер үгіт науқанының алғашқы күнінде аудан ардагерлері, аудандық әйелдер кеңесінің мүшелері, медицина қызметкерлерімен кездесті. «Есіктен есікке» акциясын өткізіп, еңбекқорлығы мен өмірлік тәжірибесі арқылы бүгінгі ұрпаққа үлгі болған қадірлі ақсақал Ертас Садуақасовтың шаңырағында болды. 101 жастағы ардақты ана Сағымбай Софияға арнайы сәлем беріп, жауапты іс алдында қариялардың батасын алды. Үгіт жұмыстары жалғасып жатыр.

Экологиялық мәселелер фракция мүшелерінің назарында

Апта барасында өңірге жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мархабат Жайымбетов пен Еділ Жаңбыршин келді.

Фракция мүшелері өңірдегі экологиялық талаптар негізіндегі заңдылықтың сақталуы мен өзге де ұсыныстарды жинақтау мақсатында бірқатар нысандарды аралады.

Жол карта тармақтарының орындалуы пысықталды

Апта барысында «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасын Қызылорда облысы бойынша іске асырудың Жол картасын мониторингілейтін және бақылайтын бірлескен штаб отырысы өтті. Партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова төрағалық еткен жиында жол карта тармақтарына жауапты басқармалар өкілдері есеп беріп, алдағы міндеттер пысықталды.

Атап өтейік, ағымдағы жылы сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған облыстық жол картада 110 іс-шара жоспарланып, бүгінгі күнге 20 сы толық орындалған. 87 іс-шара орындалу сатысында.

Орталық емхана жұмысына мониторинг жасалды

Апта барысында партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова партияның облыстық және қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиялары мүшелерімен бірге Қызылорда қаласындағы Орталық емханада болып, емдеу ұйымының қажетті дәрі – дәрмекпен қамтамасыз етілуі мен жабдықталуына мониторинг жүргізді.

Қалалық орталық емханасы облыс әкімінің қаулысымен 2022 жылы іске қосылған. Ғимараттың жалпы ауданы 6050,2 ш.м. құрайды. Аусымына 350 адам қабылдайды. 17 аймақтан 30 мыңнан астам халық тіркелген.

«AMANAT»: Партияластар сайлауда жеңіске жетті

31 тамыз күні өңірде өкілеттілік мерзімі аяқталған және мерзімінен бұрын өкілеттілігі тоқтаған Қызылорда қаласы Қарауылтөбе ауылдық округі, Сырдария ауданы Шаған, Жалағаш ауданы Мәдениет ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Ауыл әкімдері сайлауына «AMANAT» партиясы өз үміткерлерін ұсынған болатын. Сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылардың басым дауысымен Ахетов Еркін Әбдірайханұлы – Қарауылтөбе, Несіпбаев Қанат Кеңесұлы – Шаған және Оразбаев Ардақ Даулетбайұлы – Мәдениет ауылдық округтері әкімдері болып сайланды.

Тұрғындар тілегі тыңдалды

Жұмыс аптасында партияның облыстық филиалы алаңында облыс әкім Нұрлыбек Нәлібаев, партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі Рашид Ибраев, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Асхат Қанатов қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауларға 21 азамат өтінішпен келіп, 12 мәселе оң шешемін тапты.  6 мәселе бойынша заңнамалық кеңестер берілді. 3 өтініштің орындалуы бақылауға алынды.

Мал басын көбейту мен асылдандыру мәселесі – партия назарында

«AMANAT» партиясы мал шаруашылығын дамыту, оның ішінде мал басын көбейту мен асылдандыру мәселесін тұрақты назарда ұстап келеді. Жыл басынан бері асыл тұқымды мал бағумен айналысып жатқан бірқатар шаруа қожалықтарға мониторинг жүргізіліп, малшылардың ұсыныс-пікірі тыңдалды. Жұмыс аптасында жүйелі жұмыс жалғасын тауып, партияның Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция жетекшісі Ақтөре Ибрагимұлы «Қарақоныс» шаруа қожалығында болып, шаруа қожалық иелерімен, малшылармен және сауыншылармен кездесті.

«Қарақоныс» шаруа қожалығында бүгінде 200-ге жуық асыл тұқымды мүйізді ірі қара бар. Шаруа қожалығының жұмысшылары сиыр сүтін қала орталығы мен аудандағы дүкендерге сатуда. Сонымен қатар мал бордақылау жұмыстары да атқарылуда.

Биыл ауданда «Кеңдала», «Агробизнес», бағдарламалары бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы, «Сырдария-1» кредиттік серіктестіктері арқылы 15 шаруашылық құрылымдары егін және мал шаруашылығын дамытуға 3,5 млрд. теңге несие алған.

«Таза бейсенбі»: Тазалық – iшкі мәдениеттің көрінісі

Аптаның бейсенбі күні партияның Шиелі аудандық филиалы белсенділері «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында Иіркөл ауылдық округіндегі екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев  ескерткіші маңына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акцияға 40 тан астам адам қатысып, ескерткіш маңын күл-қоқыстан тазартты.

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері жол сапасына мониторинг жүргізді

Партияның Сырдария аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Тереңөзек кентінде салынып жатқан жаяу жүргіншілер жолының сапасына бақылау жүргізіп, мердігер мекеме өкілдерімен кездесті.

Тереңөзек кентінде білім беру ұйымдары мен әлеуметтік нысандар орналасқан 9 көшеге жаяу жүргіншілер жолдарын орналастыруға жоба әзірленді. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін аудандық бюджеттен қаржы қарастырылып, 2024 жылы 6 көшеге жаяу жүргінші жолдары салынды. Ал 2025 жылы тағы 3 көшеде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар қосымша 7 көшеге жаяу жүргінші жолын орналастыруға жоба әзірленіп, осы бастаманы жүзеге асыру үшін аудандық бюджеттен қаржы бөлінген.

Ауыл аманаты» жобасы аясында ағаш шеберханасы ашылды

Арал ауданында «Ауыл аманаты» жобасы аясында жаңа кәсіпорын өз жұмысын бастады. Жергілікті кәсіпкер, 25 жылдан астам уақыт ағаш өңдеу ісімен айналысып келе жатқан Бақбергенов Серік Шұхманұлы «Ауыл аманаты» жобасы аясында 4,5 миллион теңге қаражат алып, ағаш өңдеу шеберханасын ашты.

Шеберхана заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта мұнда Қытай зауыттарынан әкелінген жаңа үлгідегі 6 аппарат орнатылған. Олардың көмегімен ағашты жону, бұрыштарын өңдеу және бір деңгейлі шығару жұмыстары сапалы әрі тиімді іске асуда.